fbpx

KZ

2025 жылғы 22 қыркүйекте Ақмола облысы, Жақсы ауданынан пациент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынашұғыл түрде жеткізілді. Науқасқа қойылған диагноз — көп дене жарақаттары.

Тасымалдау медициналық авиацияның мобильдік бригадасы тарапынан жүзеге асырылды. Бригаданың құрамында дәрігер Жанна Сұлтанова мен фельдшер Жұлдыз Жүзбаева болды.

Қазіргі уақытта пациент ҰШМҮО-ның көп жарақаттар департаментіне жатқызылып, қажетті емін қабылдап жатыр.

 Жоғары кәсібилігі мен үйлесімді жұмысы үшін медициналық бригадаға алғыс білдіреміз!

Пациентке тезірек сауығып кетуін тілейміз!

 

FaLang translation system by Faboba