2025 жылдың 29 қыркүйегінде Дүниежүзілік жүрек күніне орай, «Qazaqstan» телеарнасының «Таңшолпан» таңғы бағдарламасында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының операциялық блогынан тікелей эфир ұйымдастырылды.
Эфирге профессор, аритмолог, ҰШМҮО Жүрек ырғағы орталығының басшысы Әбдірахманов Аян Сүлейменұлы қонақ ретінде қатысты.
Тікелей эфир барысында ол жүрек операциясының кезеңдері туралы айтып беріп, операция жасалып жатқан науқастың диагнозын түсіндірді және мұндай хирургиялық араласудың орташа қанша уақытқа созылатынын жеткізді.