1 қазан – Халықаралық қарттар күні!
Бүгін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары Айтмолдин Батыр ауруханада ем алып жатқан қарт пациенттерді мерекемен құттықтады.
Батыр Айтмолдинұлы әрбір пациентті жеке өзі аралап, қолдау сөздерін жеткізіп, зор денсаулық, жан тыныштығы мен ұзақ ғұмыр тіледі.
ҰШМҮО ұжымы үшін бұл күн – күнтізбедегі жай ғана дата емес, аға буынға деген шынайы құрмет пен қамқорлықты білдіретін маңызды сәт. Әрбір қарт жан өзіне деген көңіл мен қамқорлықты, өмірлік даналығы мен тәжірибесіне көрсетілетін алғыс пен ризашылықты үнемі сезініп жүрсін!