Қазақстан медицинасы күндері аясында Өзбекстан Республикасында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы Ержан Боранбайұлы Әділбеков, Басқарма Төрағасының орынбасары Батыр Айтолдинұлы Айтмолдин және Жүрек ырғағы орталығының басшысы Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов Ташкент қаласындағы бірқатар медициналық ұйымдарды аралап, медициналық көмек көрсету жүйесімен танысты.
Атап айтқанда, ҰШМҮО өкілдері Ташкент қаласындағы Республикалық ғылыми шұғыл медициналық көмек орталығында және Республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік кардиология орталығында болып, Қазақстан мен Өзбекстан мамандары арасындағы тәжірибе алмасу мен кәсіби ынтымақтастықты дамытуға бағытталған презентациялар мен дәрістер өткізді.
Өткізілген іс-шаралар денсаулық сақтау саласындағы екіжақты байланысты нығайтуға және озық біліммен алмасуға ықпал етті.