fbpx

KZ

Өзбекстан Республикасында Қазақстан медицинасы күндерін өткізу аясында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық кардиология медициналық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Ержан Боранбайұлы Әділбеков және РМҒПКМО директоры Хуршид Ғайратұлы Фозилов қол қойды.

Меморандум кардиология және аритмология салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және шұғыл әрі мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласында озық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.

FaLang translation system by Faboba