fbpx

KZ

2025 жылғы 9 қазан күні Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықпен бірлесе отырып, «Асыл қадам» аллеясында ағаш отырғызу акциясын өткізді.

Бұл шара 1996 жылдан бері әлем бойынша аталып өтетін Ағза донорлығы мен трансплантациясының Еуропалық күніне орай ұйымдастырылды. Оның мақсаты — донорлық мәдениетін дамыту және ағза трансплантациясының маңыздылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру.

Ағза донорлығы күні әрбір адамға өзге біреуге өмір сыйлау арқылы ізгі де ұлы іс жасау мүмкіндігі бар екенін еске салады.

FaLang translation system by Faboba