2025 жылғы 13–14 қазанда Астанада «Қазақстанның денсаулық сақтау саласы: дәрілік заттар және инновациялық технологиялар. Тәжірибе және перспективалар» атты ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Іс-шараға Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы қатысуда.
Орталық өз қызметі, жетістіктері және шұғыл медициналық көмек саласындағы инновациялық тәсілдерімен таныстырды. Сонымен қатар, «Медициналық туризмді дамыту: перспективалар мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия аясында ҰШМҮО-ның Жүрек ырғағы, ғылым және білім орталығының жетекшісі Аян Сүлейменұлы Әбдірахманов «Жүрек ырғағы бұзылыстарын инновациялық емдеу» тақырыбында баяндама жасады.
ҰШМҮО-ның конференцияға қатысуы тәжірибе алмасуға, озық технологияларды таныстыруға және Қазақстан мен шетелдік медициналық қауымдастық өкілдерімен кәсіби байланыстарды нығайтуға арналған маңызды алаң болды.
Орталық шұғыл медицина саласындағы инновациялық бағыттарды одан әрі дамытып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға елеулі үлес қосуда.