Жылулық — жүректен келген махаббаттың көрінісі!
Мерзімінен ерте туылған нәрестелерге арналған жүннен тоқылған киім — бұл тек қамқорлық қана емес. Ол жылуды сақтап, жанға тыныштық сыйлайды, дамуына әсер етіп, қауіпсіздік сезімін арттырады.
«28 петля» еріктілер клубы еліміздің барлық перинаталдық орталықтарына 13 жылдан бері жүн бұйымдарын сыйлап келеді. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Атырау қаласындағы «28 петля» филиалы мен оның жетекшісі Гүлнар Айдарханқызы Ботабаеваға біздің ең кішкентай пациенттерімізге көрсеткен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтады.
Жақсылықтарыңыз мың есе қайтсын!