Бүгін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеевтің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті, оның барысында жасанды интеллект технологияларын қолдануға негізделген денсаулық сақтау саласындағы IT-стартаптардың шешімдері көрсетілді.
Кездесу аясында Ұшуларды басқару тиімділігін арттыруға және шұғыл медициналық көмекті үйлестіруге бағытталған медициналық авиацияның ақпараттық жүйесі ұсынылды.