2025 жылғы 15 қазанда Ақмола облысы, Державинсктен бірнеше дене жарақаттары алған, жол-көлік апатынан зардап шеккен пациент ауыр халде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл түрде жеткізілді.
Медициналық авиацияның мобильді бригада құрамында:
—дәрігер Борис Сартаев,
—фельдшер Болат Шарипов,
— травматолог Нұрлан Авганов болды.
Пациентке барған соң травматолог дәрігер сыртқы бекіту аппараты орнатты, бұл зардап шеккеннің жағдайын тұрақтандырып, әрі қарай тасымалдауға мүмкіндік берді.
Медициналық авиация мобильді бригадасына жоғары кәсібилігі, үйлесімді жұмысы және жедел әрекеті үшін алғысымызды білдіреміз!
Пациент әрі қарай емделу және бақылауда болу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының көпжарақаттар департаментіне жатқызылды.
Тезірек сауығып кетуін тілейміз!