fbpx

KZ

2025 жылғы 17–18 қазан күндері Қытайда (ШЫҰ) Ұлттық травматология орталығының жыл сайынғы ғылыми конференциясы және ІІ Халықаралық шұғыл медицина форумы өтуде.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы атынан Басқарма Төрағасының шұғыл көмекті үйлестіру жөніндегі орынбасары Асхат Ишанғалиұлы Сапаров қатысты.

Форум аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен Пекин университеті Халық ауруханасы арасында шұғыл медицина саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл құжатқа қол қою серіктестік қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ шұғыл медициналық көмек, медициналық білім беру және ғылыми зерттеулер салаларындағы бірлескен қызметті дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

FaLang translation system by Faboba