2025 жылғы 18 қазанда Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында ұйымдастырылған II Халықаралық шұғыл медицина форумы және Ұлттық жарақаттану орталығының жыл сайынғы ғылыми конференциясы жалғасуда.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары Асхат Ишанғалиұлы Сапаров қатысуда. Өз сөзінде ол Қазақстанның шұғыл медициналық көмекті дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және төтенше жағдайларға әрекет ету тетіктерін жетілдіру бағытындағы тәжірибесімен бөлісті.
Форум аясында қатысушылар шұғыл медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегін, тәжірибе алмасу мәселелерін және бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылауда.