2025 жылғы 15 желтоқсанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Орталықтың бірқатар қызметкерлері денсаулық сақтау саласындағы қажырлы еңбегі, жоғары кәсібилігі және адам өмірін сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды. Сондай-ақ Ауғанстанның Кабул қаласына гуманитарлық медициналық көмек көрсетуге қатысқан дәрігерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаттары табысталды.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар:
- Нұрғалиев Қуат Болатұлы – Нейрохирургия және неврология департаментінің реабилитолог дәрігері
- Қажыбекова Гүлнар Болатқызы – Акушерлік департаментінің басшысы
- Ким Роман Валерьевич – Урология департаментінің басшысы
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» марапатының иегерлері:
- Қулдашев Ергеш Юлдашевич – анестезиолог-реаниматолог дәрігер
- Кенбейлова Айғаным Мырзабайқызы – Операциялық блоктың аға мейіргері
- Қалмырза Бану Нәлібекқызы – Персоналды басқару бөлімінің басшысы
- Тәжібаев Дулат Мәжитұлы – Диагностика департаментінің басшысы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталғандар:
- Түсіпбеков Ғарап Қадылғұмарұлы – травматологиялық пункті бар шұғыл көмек департаментінің шұғыл көмек дәрігері
- Нұртазин Серік Саябекұлы – жалпы хирургия департаментінің хирург дәрігері
- Салимов Рустам Бахтиярұлы – урология департаментінің шұғыл көмек уролог дәрігері
- Сатвалдин Азамат Серікжанұлы – іріңді-септикалық хирургия департаментінің шұғыл көмек көрсету хирургі
- Қыдырбаев Азат Мадиярұлы – анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаментінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері
Барлық марапатталған қызметкерлерді құттықтаймыз және оларға мықты денсаулық, кәсіби табыстар мен еліміздің игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!