2025 жылғы 17 желтоқсанда Павлодар қаласынан Астанаға 2004 жылғы пациент ауыр халде, ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозымен шұғыл түрде жеткізілді.
Тасымалдау ҰШМҮО медициналық авиациясының мобильдік бригадасы, дәрігер Алдан Оспанов пен фельдшер Ерулан Құндақбаевтың қатысуымен жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Павлодар қаласына барар жолда бригада Астанадан қосымша пациентке медициналық бақылау жасап апарды.
Мобильдік бригаданың жоғары кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында пациент аман-есен ҰШМҮО-ның нейрохирургия және неврология департаментіне жеткізіліп, әрі қарай қажетті ем қабылдауға жатқызылды.
Пациентке тезірек сауығып кетуін тілейміз!