fbpx

KZ

«Хабар» телеарнасы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қызметі туралы сюжет әзірледі.

ҰШМҮО Басқарма Төрағасының орынбасары Айтмолдин Батыр Айтмолдинұлы ағымдағы жылдың басынан бері медициналық авиация арқылы Германия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Түркия, Мысыр және Қырғызстаннан 8 халықаралық рейс жүзеге асырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ҰШМҮО заманауи жоғары технологиялық медициналық инфрақұрылымға ие: 3 Тесла қуатты МРТ, 256 кесінділі КТ, ангиографиялық жабдық, рентген және УДЗ аппараттары, сондай-ақ 12 операциялық зал бар.

Толығырақ ақпаратты «Хабар» телеарнасының видеосюжетінен көре аласыздар.

FaLang translation system by Faboba