ҰШМҮО оқу-тренингтік орталығында барлық санаттағы азаматтарға, оның ішінде медициналық қызметкерлерге алғашқы көмек көрсету және базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бойынша күнделікті оқыту жүргізіледі.
Оқыту халықаралық стандарттарға сәйкес өткізіледі
Заманауи симуляторлар мен тренажерлер қолданылады
Практикалық дағдылар нақты сценарийлерде пысықталады
Сабақтар толық жабдықталған оқу залдарында өтеді
❗ Кенеттен жүрек тоқтауы, жол-көлік оқиғалары, тұрмыстық жарақаттар — мұндай жағдайларда адамның өмірі қоршағандардың жылдам әрі дұрыс әрекетіне байланысты болады. ОТО-дағы оқу шұғыл жағдайда дұрыс шешім қабылдауды үйретіп, адам өмірін сақтауға көмектеседі.
Оқыту бойынша байланыс телефондары: 8 (7172) 57-30-44, 57-30-46